Петропавлда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат өзін-өзі өртеп жібермек болған. Қазір ол көпбейінді қалалық ауруханада жатыр, деп  жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 11 маусым күні кешкі уақытта Петропавлдағы тергеу изоляторында тіркелген. 37 жастағы азамат аяқтарын дәретхана қағазымен орап, от қойған. Нәтижесінде екі жамбасы мен аяғының төменгі жағы күйіп қалған.

«Науқас көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

QM редакциясына оның кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Қала күніне орай үш жерлесімізге Петропавл қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *