Көпшілігі білсе де, үндемеген. Петропавлдағы олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатында тағы да дау шықты. Тәрбиеленушідердің бірінің анасы видеоүндеу жариялап, ұлына жоғары сынып оқушылары қысым көрсетіп, қорлық жасайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Астаналық Маржан Тәжімұратованың ұлы жетінші сынып оқиды. Еркін күреспен айналысады. Нәзікжандының айтуынша, жоғары сынып балалары ұлы мен оның сыныптастарын соққыға жығып, ақша талап еткен.

«Бірнеше апта бұрын ұлымның өзгергенін байқадым. Видеоқоңырау арқылы сөйлесуді қойды. Бұрын бүкіл отбасымен сөйлескенді жақсы көретін. Соңғы уақытта үйге қайтқысы кешетінін айта бастады. Бұл мені таңқалдырды», — деді нәзікжанды әлеуметтік желідегі парақшасында.

17 қыркүйекте ана мектеп-интернат басшылығының атына ресми шағым түсірді. Сонымен қатар, бұл жағдайдың барынша жария болғанын қалайды. Бұл оқиға жайлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми хабарлама жасады.

«Оқу орнында қызметтік тексеріс басталды. Оның аясында бапкерлен мен оқытушылар құрамынан және оқиғаға қатысы бар жандардан түсініктеме алынды. Кінәлілер толығымен жауапкершілікке тартылады», — делінген басқарма берген жауапта.

Бұл аталмыш интернаттағы күш көрсетудің алғашқы фактісі емес. Осыдан 10 жыл бұрын да ата-аналар балаларының соққыға жығылғаны туралы БАҚ өкілдеріне айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пробациялық есепте тұрған сотталған қашып кетпек болған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *