Петропавлдағы «Радуга» ЖШС өндіріс көлемін үш есе арттырды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында қазақстандық тауар өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының оң әсері туралы айтты. Олардың қатарында солтүстікқазақстандық Дмитрий Шарапаевта бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл «Радуга» ЖШС өндіріс көлемі 3 есеге өскен. Сөйтіп, өндіріс көлемі 900 тоннадан 2700 тоннаға дейін ұлғайды. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Шарапаевтың айтуынша мұның барлығы мемлекет қолджауының арқасында мүмкін болған.

Петропавлдағы «Радуга» ЖШС өндіріс  көлемін үш есе арттырды

«Үкімет отандық тауар өндірушілерді белсенді қолдайды, бұл олардың тұрақты дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Мұның жарқын мысалдарының бірі – біздің зауыт, ол мемлекеттік қолдау шараларын енгізу және ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы өзінің өндірістік қуатын едәуір арттыра алды. Бүгінгі таңда біздің кәсіпорынның жүктемесі 12%-дан 100%-ға дейін өсті, бұл мемлекеттік саясат құрған қолайлы жағдайлардың арқасында мүмкін болды. Бұл өзгерістер кәсіпорынға өз ресурстарын толық пайдалануға және өндірілетін өнімнің жоғары көлемі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестерді оңтайландыруға мүмкіндік берді», — деп атап өтті бизнесмен.

Тағы оқыңыз:Елімізде колледждерге 145 мың грант бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x