Петропавлда Ойқала шағын ауданында табиғи апаттан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ғ. Мүсірепов ауданынан келген 5 механикалық бригада белгілен аумақтағы 243 үйге жауапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғ.Мүсірепов ауданының арнайы бригадасына қарайтын үйлердің 189-ы апатты деп танылған. Ал 54 баспана жөндеуге жарамды. Олардың 47-сін тұрғындардың өздері қайта қалпына келтірмек. Бүгінде шағын ауданнын барлығы 73 үй сүріліп тасталған.

Петропавлдағы Ойқала шағын ауданында табиғи апат зардабы жойылып жатыр

«Бүгін Мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасымен Ойқала шағын ауданында моноторинг жұмыстарын жүргізудеміз. Қайта қалпына келтіріліп жатқан баспаналардың құрылысымен таныстық. Жөндеуге жарамды деп танылған 54 үйдің 7-еуіне біздің механикалық бригада жауапты. Үш баспана тапсырылды. Тағы бір үйдің құрылысы бірнеше күн ішінде, қалған үш баспанадағы қайта қалпына келтіру жұмытары тамыз айына дейін аяқталады», — деді Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Аңбаев.

Ғ. Мүсірепов ауданының механикалық бригадасы құрамында 40-қа жуық адам бар. Құрылыс жұмыстарына 8 жүк көлігі, 2 экскаватор,  3 жүк тиегіш тартылған. Механикалық бригада қалпына келтірген үйлерге 2 жылға дейін кепілдік те беріледі.

Тағы оқыңыз:Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: министрлік мәлімдеме жасады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x