Қалалық 29-шы орта мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұдан былай оқушылар мұнда отансүйгіштікке тәрбиеленетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір жетекшісі аталған бастаманың балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі және тәртіпке баулудағы маңызына тоқталды.

Петропавлдағы мектептердің бірінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Петропавлдағы мектептердің бірінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды

«Бүгін облысымызда үлкен іс-шара өтуде. «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында жаңа «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Ертең жобаға қатысушылардың ішінен болашақ генералдар шығатынына сенім мол. Осы жолдан таймаі қажет. Облыстың әр мектебінде осындай сыныптар ашылуы тиіс», — деді СҚО әкімі.

Бұл — өңірде ашылған төртінші «Жас сақшы» сыныбы. Бұған дейін Петропавлдағы қос мектепте және Сергеевкадағы Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында таспасы қиылған болатын. Енді игі бастама 29-шы мектепке де жетіп отыр. Мұнда балалар аптасына екі рет полиция қызметкерлерінің дәрісін тыңдайды.

 
Петропавлдағы мектептердің бірінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Петропавлдағы мектептердің бірінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды

«Сабақ сәрсенбі және сенбі күндері өтеді. Сәрсенбі күні біздің қызметкерлер тергеу бойынша сабақ жүргізеді. Сенбі күні балаларды «Динамо» алаңына апарып, дене шынықтыру сабағын өткіземіз», — деді СҚО ПД басқарма бастығы Руслан Тасымов.

Мұндай сыныптың ашылуы — болашақта мемлекеттік қызметте, әсіресе ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетін өскелең ұрпақ үшін зор мүмкіндік. Оқушылар мектеп қабырғасынан бастап тәртіп сақшысы мамандығының қыр-сырын таниды, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызын түсінеді.

Қазір бұл мектепте 800-ге жуық оқушы бар. «Жас сақшы» сыныбына орта буыннан 20 оқушы жазылған.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына СҚО-дан үш спортшы қатысуға үміткер

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *