«Қазақстан халқына» қоры «ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» жобасы аясында елімізді 13 орталық ашқан. Соның біреуі — Петропавлда орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Біреу білсе, біреу білмес ерте араласу орталығы Петропавлда да жұмыс істейді. Ол облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан. Мұнда ерекше балалар емделеді. Мекемені жабдықтауға «Қазақстан халқына» қоры 64,8 млрд теңге бөлген.

«Орталық 2024 жылы ашылды. Бізге үш айдан үш жас алты айға дейінгі балалар келіп, ем ала алады. Балғындармен арнайы оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Бір жарым жылдың ішінде мекемеге 400-ге жуық бала келді. Оларға тиісті көмек көрсетілді. Барлығы дерлік оңалып кетті деп айта аламын»,- деді Ерте араласу орталығының меңгерушісі Наталья Помазанова.
«Қазақстан халқына» қоры «Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» жобасы аясында елімізде 13 орталық ашқан. Облыстағы мекемеде балалар сегіз кабинетте ем қабылдайды. Тіпті, жанға тиыштық сыйлайтын шүнгит бөлмесі де бар.
«Баламның туылғанына бір жыл алты ай болды. Әлі жүрмейді. Орталыққа келіп жүргенімізге бірнеше күн болды. Оң өзгерістер байқалады. Мамандары да сыпайы. Тез тіл табысып кеттік. Петропавлда осындай емдеу орталығы бар екенін қуаныштымын»,- деді қала тұрғыны Наталья Шарапова.
Тағы оқыңыз: Тарихи жеңіс! «Қайрат» ФК Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты