Сынған аялдама, кәрі ағаштар және қоқыс шығару мәселесі. Петропавл тұрғыны Әминә Сальжанова қала әкімі Серік Мұхамедиевтың қабылдауында осы түйткілдерді көтерді. Қала басшысы тұрғынның өтінішін тыңдап, жауапты мамандарға бірден тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алғашқы мәселе – сынған аялдама. Әминә Сальжанованың айтуынша, Астана көшесі 39 мекенжайының маңындағы жаңа павильонға белгісіз біреулер нұқсан келтірген.

Серік Мұхамедиев аялдамаларға келтірілген кез келген зақым жөнінде білген бойда мамандарды дереу жөндеуге жіберетінін атап өтті. Кей кездері ақауларды әлеуметтік желіден көріп, сол арқылы да жедел шара қабылдайтынын жеткізді.

Келесі мәселе – қоқыс шығару. Тұрғын кейбір адамдардың қараңғы уақытта жиһаздарды немесе сарайдағы қоқысты көпқабатты үйлердің алаңына тастайтынын айтты.

«Бізде камералар орнатылған. Мен жазбаларды күн сайын қараймын. Заң бұзғандарды учаскелік инспектормен бірге іздеп табамыз. Кейде ірі көлемдегі қоқысты өз күшімізбен шығарамыз. Бірнеше рет 30–40 мың теңге төлеген жағдайлар болды», – деді қала тұрғыны.

Әкімнің айтуынша, қазір қоқыс шығару қызметіне қатысты жаңа байқаулар аяқталуға жақын. Жаңа жылдан кейін тариф қайта қаралады. Ол сәл өссе де, компаниялар ірі көлемдегі қоқысты шығаруды да өз мойнына алады. Ең маңыздысы – смарт камералар іске қосылады. Қазір қалада 43 жасанды интеллект камерасы жұмыс істейді, алда тағы 200-і орнатылады.

«Егер біреу талапқа сай емес жерде немесе уақытта қоқыс тастайтын болса, камера автоматты түрде қалдық шығарушы компанияға және әкімдікке сигнал жібереді», – деді қала әкімі.

Тұрғын көтерген соңғы мәселе – кәрі ағаштарды кесу. Астана көшесіндегі жатақхана мен көпқабатты үйдің ортасында шіріген, құлау қаупі бар ағаш тұрғаны айтылды.

Әкім бұл үй тұрғындары ағашты кесу жөнінде өтініш қалдырғанын, бұған дейін осы аулада бір ағаш кесілгенін атап өтті. Енді тұрғындардың барлығы келісім берсе, шіріген ағашты толықтай кесу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ТЖД қызметкерлері баспаналарға 2300-ден астам датчик орнатты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *