Петропавл қаласының әкімі әйелдерге құрмет көрсетті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында петропавлдық қыз-келіншектерді шаһар басшысы Серік Мұхамедиев құттықтап, бірқатарына алғыс хаттар табыстады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Осы жолғы қалалық мәдениет үйіндегі концерт ерекше. Себебі, шара жылда көктеммен келетін әйелдер мерекесіне арналған. Залда отырған қыз-келіншектердің жүздері жадыраңқы, мерекелік көңіл-күй ерекше сезіледі. Оларды осынау шуақты күнмен қала әкімі Серік Мұхамедиев құттықтады.

«Қымбатты әйелдер қауымы, құрметті қыз-келіншектер! Көктеммен бірге келетін ерекше мерекелердің бірі – 8 наурыз. Сіздерді шын жүректен халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтпаған. Әйел отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы. Ұрпаққа беріп жатқан тәрбиелеріңіз үшін, еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», — деді қала әкімі.

Бұл күні сахна төрінен ана, әйел, көктем, махаббат жайында әндер айтылып, жыр төгілді. Сонымен қатар 20 қыз-келіншек Петропавл қаласы әкімінің  алғыс хатын алды. Ал Людмила Ратай болса, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ол 17 жыл бойы «Средазэнерго-монтаж Петропавловск» ЖШС-де 4-ші разрядтағы оқшаулағыш болып еңбек етіп келеді.

«Мен үшін облыс әкімінің құрмет грамотасын алу тосын сый болды. Еңбегіміз еленіп жатқаны қуантады. Негізі жұмыс оңай емес. Әйел адамға өте қиын. Басында жұмысқа кіргенде бір ай да істей алмайтын шығармын деп ойлағанмын. Қазір үйреніп алдым. Жалақы жақсы, жағдай жасалған. Біз ауыр құбырларды оқшаулаумен айналысамыз. Оларды көтеру керек, тасу керек. Бірақ, өзімнің ана, әйел, қыз екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Нәзік болғым келеді», — деп өз ойымен бөлісті Людмила Ратай.

Тағы оқыңыз: Дәрігер білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы керек – Алтынай Таузарова

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x