Қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Мұстафин Ержан Алпысбайұлы тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Ержан Алпысбайұлы Мұстафин 1984 жылы 13 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы, Жарғайын ауылында туған. 2006 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы М.Қозыбаев атындағы мемлекеттiк университеттi «Бастапқы әскери және денешынықтыру даярлығы» мамандығы бойынша аяқтаған. Кейін Көкшетау қ. А.Мырзахметов атындағы университеттi «Заңтану» мамандығы бойынша оқыған.
Еңбек жолын 2007 жылы iшкi iстер органдарынан бастаған. Ол Есiл ауданы аппаратының инспекторы, Есiл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң бас маманы, аудан әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiнiң меңгерушiсi болып еңбек еткен.
2016 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың маусым айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есiл ауданы Явленка ауылдық округiнiң әкiмi қызметiн атқарды.
2017 жылдың маусым айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданың әкімдігі әкімінің аппараты» КММ-нің басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың 8 қарашасынан аудан әкімінің өкімімен Есіл ауданы әкімінің экономикалық және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 251 адам еңбекақасын ала алмай жүр