Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.-ны мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзып, сол үшін айыппұл арқалады.  Оны жауапкершілікке Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты тартты, деп жазады Qazaqstan Media.

Сот қаулысына сәйкес, 2024 жылы М. мемлекеттік сатып алулар бойынша сегіз шартты бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен бекіткен. Бұл әдіс заң бойынша  тек төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде ғана қолданылуы тиіс. Алайда шенеунік  күнделікті сипаттағы жұмыстар – жарықдиодты жабдық орнату, еріген қар және жауын-шашын суын сору сынды қызметтерді сатып алған. Оған қоса,  Петропавл қаласының Бірлік шағын ауданындағы тұрғын үйлерге арналған ағаш құрылымдарды орнату да бар.Сегіз шарттың екеуі кейін бұзылып, ақша қайтарылған.

«OLIVIN Lignting» ЖШС және «Қызылжар-су» ЖШС-мен жасалған шарттар кейіннен бұзылып, жұмыстар орындалмаған. Қаражат бюджетке қайтарылған. Сот бұл құқық бұзушылықтарды шамалы маңызды деп танып, ауызша ескерту жасаумен шектелді» ,-деп жазылған сот хабарламасында.

Қалған алты шарттың заңға сәйкессіздігі аудиторлық тексерулермен дәлелденді. Сот М.-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 18-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 101 280 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда іздеуде болған 27 жастағы жігіттің денесі тоғай арасынан табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *