Петропавлдық тәртіп сақшылар көшелерде жаппай рейд жүргізді. Нәтижесінде жол ережесін бұзудың 305 фактісі тіркелді, деп жазады Qazaqstan Media.

Рейд жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыру мақсатында жүргізілді. Көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 14 жүргізуші анықталды. Бұл да жүргізушінің көңілін бөліп, жол апатының жасалуына алып келетін себептердің бірі. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жол бермеген 12 жүргізушіні жауапқа тартты. Бес адам көлік жүргізу құқығынан айырылса да қайтадан рөлге отырған. Бір күннің ішінде Петропавл жолдарында тәртіп сақшылары 305 құқық бұзушылықты анықтады.

«Рейд барысында Жамбыл мен Сүтішев көшелерінің қиылысында бағдаршамның істен шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Экипаждардың бірі бірден оқиға орнына аттанып, көше қиылысында жол қозғалысын реттеуге көшті. Бұдан бөлек, көшелерде тоқтатылған жүргізушілерге полицейлер интернет-алаяқтарға алданып қалмаудың әдістері жазылған жадынамалар таратты», — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Екі айдың ішінде облыс орталығында 44 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан бір адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған. Көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзу 37 жол апатының болуына себеп болған.

Тағы оқыңыз: «Құндылықтар жоғалған кезде отбасын сақтап қалу мүмкін емес» — Күләш Егімбаева

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *