Петропавл жолдарын жөндеуде ANT технологиясы қолданылып жатыр

Петропавл жолдары жаңа технологиямен жөнделіп жатыр. ANT әдісі шет елдерде танымал болғанымен, өңірде алғаш рет қолданылуда. Жаңа технологиямен әзірленген жол жабыны әзірге, Жұмысшы кентіндегі Ломоносов көшесіне төселген. Нәтиже берген жағдайда дәл осы әдіс Петропавлдың басқа да көшелерін қайта қалпына келтіруде пайдаланылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ANT-ROADS серіктестігі ANT технологиясы бойынша жаңа жолдарды салумен және қолданыстағы жолдарды қайта қалпына келтірумен айналысады. Бұл жаңа технология жұмыс процесін айтарлықтай жеңілдетуге және жылдамдатуға, шығындар мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Петропавл жолдарын жөндеуде ANT технологиясы қолданылып жатыр

«Биыл біз «СК Гарант» асфальт-бетон зауытымен асфальт қоспасын әзірлеуге келісім жасадық. Қазіргі таңда бұл зауыт Петропавл қаласының жолдарын асфальтпен қамтамасыз етіп жатыр. Жаңа технология оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда «СК Гарант» бұл тәсілді тек қалада ғана емес, сонымен қатар облыстық және жергілікті жолдарды жөндеуде де қолданатын болады. Аталмыш зауыт сағатына 90 тоннаға дейін асфальт қоспасын шығаруға қауқарлы», — деді ANT – ROADS ЖШС директоры Нұрлан Құрманбеков.

 ANT технологиясын жолдардың барлық санаттарына, барлық климаттық аймақтарда қолдануға болады.  Жоғары сапалы асфальт жасау үшін бірнеше компонент қолданылады. Алдымен, жолдың ескі жабындысын алып тастап, оны модификаторға 12 сағатқа қайта өңдеуге қояды. Кейіннен оған қиыршық тас пен битум салынады. Сондай-ақ асфальт жоғары сапалы болуы үшін  фиброталшықтар қосылады.

Петропавл жолдарын жөндеуде ANT технологиясы қолданылып жатыр

«ANT технологиясы Польша мен Үндістанда танымал. Процесс толығымен автоматтандырылған. Тас материалды кептіргіш барабанға салып, оны 160-180 градус температураға дейін қыздырады. Кейін жоғары көтеріліп, фракцияларға бөлінеді. Содан соң рецептке сәйкес қоспа араластырғышқа  ауыстырылады. Битум қосып, нәтижесінде дайын өнім пайда болады», — деді «СК ГАРАНТ ГРУПП» ЖШС операторы Василий Григоренко.

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі: Қаланың атауын өзгерту дәл қазір өзекті мәселе емес

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x