[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/photo1680251399.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Соңғы уақыттары басы даудан арылмай тұрған Петропавл жылу электр орталығын жөндеуге 9 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қазандықтар қалыпқа келтіріліп, мұржа салынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
«Бүгін өңірге менің шақыруыммен «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысы Сергей Кан келді. Кездесу барысында ЖЭО-2 және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды. Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд теңгеге дейін өскенін айтты», — деп жазған өзінің Telegram каналында Айдарбек Сапаров.
Аталмыш қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады. Тағы 3 миллиард теңге жылу және электр желілерін жаңартуға бағытталады.
«Жалпы, биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд теңге бөледі. Біз үшін басты міндет — кезекті жылыту маусымын үздіксіз өткізу», — делінген жазбада.
Өзге де жаңалықтар: Сәуір айы жауын-шашынсыз, жылы болмақ
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]