Петропавл ЖЭО жөндеуге 17,6 млрд теңге бөлінді

Биыл «Севказэнерго» АҚ Петропавл ЖЭО жөндеу жұмыстарына 17,6 млрд теңге бөлді. Қазір бір қазандық пен екі турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ бір қазандық пен бір турбоагрегат қайта жаңғыртылуда, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл су тасқыны кезінде 700-ден астам электр бағаны зардап шеккен болатын. Оның 200-ден астамы қалпына келтіріліпті. Сонымен қатар су тасқынының ерекшеліктері ескеріліп, беріктігі жоғары металл бағандары орнатылуда. «СК РЭК» АҚ 401 шақырым электр желісін және 18 қосалқы станцияны жөндеу және қайта құруды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар Петропавлдағы екінші жылу электр орталығындағы құлап қалған мұржаның орнына  жаңасын салу жұмыстары басталады. Компания басшылығы алдағы жылыту маусымында облыс орталығын 2 мұржа жылумен қамтамасыз етеді деді. 

Сондай-ақ компания әкімдікпен бірлесіп инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде ауылдардағы тозығы жеткен электр желілерін жаңартуға несиелік қаражат тартуды жоспарлап отыр. «Петропавл жылу желілері» ЖШС 6,4 шақырым магистральдық және тарату желілерін жөндеп, қайта қалпына келтіреді. Бұдан бөлек, Сәтпаев көшесіндегі жылу магистралінің құрылысы аяқталады, Ружейников көшесіндегі жылу магистралін жаңғырту басталды. 

Мұның барлығы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың екінші жылу электр орталығында өткізген көшпелі отырысында белгілі болды. Онда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып, «Севказэнерго» АҚ кәсіпорындарының есебі  тыңдалды.

Тағы оқыңыз: СҚО диқандары егіс алқаптарының басым бөлігіне дән септі

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x