18 наурыздан бастап Петропавлдағы 2-ші ЖЭО нормативтік таза суды Белое көлінен Есіл өзеніне ағызуды бастайды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ осы кезеңде көл мен бөгет ауданындағы мұзда болу өмірге қауіпті екенін ескертеді, деп жазады Qazaqstan Media.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавлдағы 2-ші ЖЭО нормативтік таза суларын Белое көлінен Есіл өзеніне ағызатындығын хабарлады. Ол 18 наурыздан басталып, шамамен бір айға созылады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыс жыл сайын қаңтардан сәуірге дейін жүргізіледі. Ол көл суындағы тұздың мөлшерін азайту және өндірістік параметрлерге сәйкестендіру үшін ең қолайлы кезең. Биыл Есілге шамамен 1,5 млн текше метр су жіберіледі.
«2-ші ЖЭО-да ең қажетті затрадың бірі – су. Оған жоғары талаптар қойылады. ЖЭО қымбат жабдықты істен шығаратын қатты судан зардап шегеді. Нормативті таза суды төгу – бұл тазарту процесінің бірінші бөлігі. Бұл үдеріс Белое көлінен тұздалған, тоқыраған су ағызылады. Ол өндірістік процесте негізгі жабдықты салқындату үшін турбиналық цехқа үздіксіз беріледі», — деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ші ЖЭО қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов.
Мамырдан шілдеге дейін көл суын жаңарту және Белое көлін толықтыру мақсатында тұщы өзен суын айдау жүргізіледі.
«Экологиялық құрамдас бөлікке келетін болсақ, ағызылатын сулар біздің аймақтың қоршаған ортасына ешқандай зиян келтірмейді. Өйткені олар өндірістік ағынды сулар емес. Мұны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің зертханасы және станцияның жеке аккредиттелген зертханасы қатаң қадағалайды», — деп қосты Николай Максимов.
Ағызу кезінде Есіл өзеніндегі көл мен бөгет маңында мұзда болу өмірге қауіп төндіреді. Сағатына кемінде 1 700 текше метр жылдамдықпен келетін жылы судың арқасында еріген мұздар пайда болады.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық оқушылар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады