Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан мұржаның 31 метрі дайын

Петропавлдағы жылу электр орталығында жартылай опырылып құлаған мұржаның 31 метрі салынып бітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

60 адамнан құрылған қос бригада тәулік бойы жұмыс істейді. Жоба бойынша нысанның ұзындығы 180 метр, ал қабырғасының қалыңдығы 60 сантиметр болады. Қазір жылу электр орталығында қазандықтар да қатар жөнделіп жатыр. Жалпы ескірген кәсіпорынды қалпына келтіру үшін биыл 12 миллиард теңге инвестиция салынады. Еске сала кетейік, былтыр наурыз айында жылу орталығындағы алып мұржа құлап, 1 адам қаза тапқан еді.

«Қазір құбырдың қабырғасы тәулігіне 2,5 метрге көтеріледі. Осылайша, темірбетон бағанды қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Онымен қатар түтін шығару қондырғылары да салынып жатыр. Қажет болса, қараша айында кейбір жылу қазандықтары жаңа құбырға қосылады», — деді жылумен қамтушы кәсіпорынның бас директоры Олег Перфилов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ерте темір дәуіріне жататын қорған табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x