Петропавл ЖЭО-2-де автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі іске қосылды
Петропавл ЖЭО-2-де бірегей жоба жүзеге асты. Шаһар үшін маңызды нысанда автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Біреу білсе, біреу білмес Петропавл ЖЭО-2-де мұржалар 20 минут сайын қала маңындағы Белое көлінің суымен суытылып отырады. Бұл оның тоқтамай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ, қолданылған тіршілік көзі көлге қайта жіберілетіндіктен тазалық жағы күмән тудыруы мүмкін.Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Севказэнерго» АҚ бірегей жобаны іске қосты. Бұдан былай суды автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі қадағалайды.
Петропавл ЖЭО-2-де автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі іске қосылды
«Жаңа жүйе Есіл өзеніне ағызылатын сулар мен зиянды заттарды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, мамандарымыз кішкентай дүңгіршікте отырып-ақ су шығынын, температурасын, электр өткізгішін және лайлану көрсеткішін анықтай алады»,- СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Николай Максимов.
Бірегей жүйе айтылғандардың барлығын 20 минут сайын тіркеп, ақпаратты қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі жөніндегі Ұлттық деректер банкіне жібереді. Осы қадам арқылы акционерлік қоғам қоршаған орта мен тұрғындарға деген құрметін көрсетіп отыр.