Петропавл жастары көше тазалаушыларға ыстық шай берді 

Петропавлдың белсенді жастары  шаһар көшелерін қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен тәтті бауырсақ берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділерімен бірлесіп, «Кел, шәй ішейік!» акциясын өткізді.Оның аясында еріктілер күннің аязы мен боранына қарамастан көше тазалап жүрген жандарға ыстық шай мен тәтті бауырсақ берді. Олар  әрбір қала тұрғыны коммуналдық қызмет мамандарының адал  әрі қиын еңбегін  бағалауы тиіс деп санайды.

«Осындай іс-шараларды өткізе отырып, біз жастарды ерікті болуға, әрдайым көмек қолын созуға, шетте қалмауға және адамдарға түрлі қолдау көрсетуге шақырамыз», деді «Жастар Рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Айта кетейік, аталған науқан «Ізгілік аптасы» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеке сектордағы үйлерді көктемде су басуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x