Петропавл тұрғын үй қызметінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Оған қатысты тергеу басталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлады, деп жазды Qazaqstan Media.
Агенттіктің ресми өкілінің хабарлауынша, «Петропавл тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болат Қажымұратов бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр.
«Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектілерімен алдын ала сөз байласу арқылы 7,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл қаржы тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге бөлінген. Осы факті бойынша тергеу жалғасуда», — деді агенттіктің ресми өкілі.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда үйірлі шегіртке тіркелді