Петропавлда тәртіп сақшылары травматикалық тапанша тәркіледі. Қаруды Жұмысшы кентіндегі айналма жолда велосипедпен кетіп бара жатқан қала тұрғыны тауып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тапаншаны көргенде қала тұрғыны көп ойланбаған. Қауіпті зат туралы Қазақстан Конституция көшесі бойында жүрген тәртіп сақшыларына айтқан.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, тапқан затты тәркіледі. Сараптамаға жолдады. Криминалистердің тексеруінен кейін бұл атуға жарамды «Оса»маркалы травматикалық тапанша екені анықталды. Қару бірден жоюға жіберілді»,- деп нақтылады жауапты орган.

Облыстық ПД қала тұрғынының әрекеті дұрыс болғанын атап өтті.

«Жыл басынан облыс полицейлері 109 тіркелмеген қаруды тәркілеген. Құқықбұзғандардың барлығы жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, 22 адам заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырды», -деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда денесі күйген балаға ата-анасы немқұрайлы қараған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *