[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»15826,15827,15828,15829,15830″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавл тұрғыны Тагир Рамазанов экзотикалық үй жануарларын жақсы көреді. Оның сүйікті ісі қаладағы алғашқы экзотариумды ашуға себеп болған. Жылан, кесіртке мен бүйінің түр-түрін ұстап отырған азаматпен Qazaqstan Media тілшісі әңгімелесті.

Тагир Рамазановтың аядай ғана пәтеріне қарасаң тропикалық көрмеде жүргендей әсер аласың. Ауыл баласы жануарларды өсіруге бала күнінен құштар. Алғашында коллекциясына кесіртке сатып алды, кейін тотықұс, саламандра мен балықтарды алып өсірген. Бүгінде оның үйінде жолбарыс питоны, жүгері және шошқа мұрынды жылан, геккон кесірткелері мен 20-дан аса бүйі бар.

«Оқушы не студент кезімде сүйікті ісіммен шұғылдануға мүмкіндік болмаған еді. Мамандығым темір ұстасы. Бұл салада 13 жылдай адал еңбек еттім. Дегенмен бала арманым маза бермеді. Ол кезде пиранья өсірсем бе деп ойлайтынмын. Осылайша, 10 жыртқыш балық сатып алдым. Олардың қатарына мадагаскарлық тарақан, құсжегіш өрмекші, сарышаян, питон қосылды. 2021 жылы қалада экзотариум ашып, Уoutube желісінде арнамды дамыттым. Қазіргі уақытта 22 500 оқырманым бар. Өкінішке орай тұрақты келушілер аз болғандықтан экзотариум жабылып қалды. Ондағы   жануарлардың бір бөлігін   пәтеріме әкелдім, қалғаны ауылдағы анамның үйінде», — дейді Тагир Рамазанов.

Жерлесіміздің коллекциясында тағы бір ерекше жануар — Варан. Африка, Азия және Аустралияда кездесетін тұрқы ірі, бауырымен жорғалаушы. Түрі сұсты кесіртке қазір Тагирдің анасының үйінде мекендейді. Жанында жыртқыш пираньялармен, боа императорлық жыланы бар. Бір қызығы кейіпкеріміздің отбасы мүшелері экзотикалық жәндіктерден қорықпайды. Керісінше, Тагирге жәрдемдеседі. Ерекше хобби иесі жануарлардың көбін интернет арқылы тапсырыс беріп алған. Жыланды алғаш рет  Омбыдан әкеліпті.

«Мәселен, құсжегіш өрмекшінің негізі мекені – Мексика.  Улы. Бірақ оған қауіп төндірмесеңіз сізге де еш зияны жоқ. Денесі түкті. Егер қауіпті сезетін болса түгі көтеріліп шыға келеді. Бұл өрмекші өскенде екі есе үлкен болады», — дейді азамат.

Әр жәндік ерекше күтімді қажет етеді. Мәселен жыланды жуындырып тамақтандырудың өзі үлкен жұмыс. Кесірткелер отрядының бір тұқымдасына жататын геккондар мен өрмекшілер зофобас деп аталатын құрттармен не басқа да ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Жыландар болса теңіз қоянын егеуқұйрықты жейді, ал сүйкімді қоян мен атжалмандардың тамағы  —  өсімдіктер мен көкөністер – дейді Тагир Рамазанов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x