Петропавл қаласының тұрғыны жалған «биржалық саудаға» 19 миллион теңге аударған. Жүйеде көрсетілген «табыс» үнемі артып отырғанымен, азамат ақшасын шешіп алмақ болғанда, алаяқтар байланысқа шықпай қойған, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «ақша көбейту», «инвестиция» сынды жылдам табысқа жетуге уәде беретін интернет-алаяқтықтың қауіпті түрлеріне байланысты тұрғындарға ескерту жасады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оңай жолмен ақша табуға шақыратын жарнамалар жиі кездеседі. Сілтемеге өткеннен кейін, алаяқтар азаматпен WhatsApp арқылы байланысып, өзін инвестициялық немесе консалтингтік компания қызметкері ретінде таныстырады. Кейін олар «болашағы бар биржалық келісімдерге» ақша салуға кеңес береді.

Жәбірленуші арнайы сайтқа тіркеліп, жеке кабинет арқылы «кірісінің» өсіп жатқанын көреді. Алайда бұл сандардың шындықпен еш байланысы жоқ»,- дейді полицейлер.

Қомақты табысқа сенген адамдар несиелер рәсімдеп, таныстарынан қарыз алып, үлкен сомаларды салады. Сондай жандардың бірі-облыс орталығының тұрғыны.

Ол жалған «биржалық саудаға» 19 миллион теңге аударған. Табысы артқан кезде азамат ақшасын шешіп алмақ болады . Сол кезде жәбірленуші алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Тек биылдың өзінде мұндай алаяқтық схемалардың құрбаны болған солтүстікқазақстандықтардың саны 27-ге жеткен.

Тағы оқыңыз: 46 жастағы петропавлдық алғаш рет жеке куәлік алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *