Петропавл тұрғыны 47 жастағы әйелді балтамен ұрып тастаған

Петропавлда 42 жастағы ер адам 47 жастағы әйелді балтамен ұрып жіберген. Келіншектің миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға тамыздың бесі күні тіркелген. 47 жастағы әйелді балтамен ұрып жіберген ер азамат бірден ұсталды. Қазір аталған іске қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«42 жастағы петропавлдық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бұл факті ҚР ҚК «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша СДТБТ-да тіркелді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Ал жарақат алған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Ол нейрохирургия бөлімшесінде бір апта бойы ем қабылдап, кеше яғни, тамыздың 12-сі күні үйіне шығарылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт салдарынан 50 жастағы ер адам қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *