Петропавлда облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері суық және атыс қаруын заңсыз сақтап келген жігітті ұстады, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавл тұрғыны үйінде бірнеше қаруды заңсыз сақтап келген

Полицейлерге облыс орталығының тұрғыны қаруларды сақтап жүргені туралы жедел ақпарат түседі. Тоғызыншы шілдеде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары жүргізіліп, оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 бірлік түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді. Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз:Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысқан солтүстікқазақстандық 15 жылға сотталуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *