Петропавл тұрғындары дайын құжаттарды тапсырыспен үйіне ала алады

Енді Петропавл тұрғындары ХҚКО-нан дайын құжаттарды үйіне тапсырыспен алғыза алады. Орталықта жаңа жоба іске қосылды. Бұл сервис мемлекеттік қызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тұрғындар жаңа жоба аясында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың тепнұсқаларын, әскери билеттер мен есірткі және психиспансерлерде есепте тұрмайтынын растайтын құжаттар, неке қию және бұзу туралы анықтамаларды тапсырыспен алғыза алады. Үйге дейін жеткізу процесі барлығына қол жетімді. Тұрғындар дайын құжаттарды express.gov4c.kz. портал арқылы рәсімдей алады. Ол үшін арнайы сауалнамалық деректерді толтырып, жеткізу мекен-жайы мен телефонын көрсетуі қажет.

«Өңір тұрғындары Петропавл қалалық №1, №2, №3 халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады.Міндетті түрде, құжаттарды жеткізу үшін төлем жасау керек. Нақты уақыт режимінде курьерді қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы байланыс орнатуға болады. Егер пайдаланушыда қосымша орнатылмаған болса, онда SMS арқылы келген сілтемеге кіріп, бақылай алады», — делінген облыстық ХҚКО таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:О. Бектенов әкімдердің жұмысы қалай бағаланатынын айтты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x