Петропавл тұрғыны ескі шиналардан түрлі мүсін жасайды

Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны ескі көлік доңғалақтарынан түрлі мүсін жасайды. Ол алғашында немересінің өтінішімен балапанның мүсінін құрастырып көрген. Кейін мұны тұрақты табыс көзіне айналдырып, кәсіп бастаған,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қолданыстан шыққан көлік доңғалақтары бақша, саяжай аумағын безендіруде жиі қолданылады. Мереке Айтмағамбетов те шиналардан әр түрлі мүсін жасап жүр.  Бастапқы кезде ол заттарды немересінің өтініші бойынша әзірлеген екен.  Кейін көршілер мен басқа да азаматтардан  сұраныс түскен соң кәсіп бастаған.  Қазір қарамағында 5 адам жұмыс істейді.

Петропавл тұрғыны  ескі шиналардан түрлі мүсін жасайды

 «Дөңгелектерді шиномонтаждан аламын. Кейбір шиномонтаждар тегін береді, кейбірі тиын-тебен шайға тастап кет дейді.Жұмасына 1 рет мен дөңгелектерді кәсіпорынға апарамын. Бір жұмада 25-27 фигура шығады. Өткен жолы 30 фигураға тапсырыс  алдық. Шыны керек, ондайды мен күткен жоқпын.»,-дейді Петропавл тұрғыны Мереке Айтмағамбетов.

Шебер балалардың сүйікті микки тышқан кейіпкерінен бастап, қолтырауын гена, түлкі, тауысқа дейін істейді. Оны сөзбен айту оңай болғанымен іс жүзінде қиын шаруа.

 «Алдымен дөңгелектер жуылады. Кейін оларға пішін беріп, кесіп, бәрін дайындаймыз. Тек содан кейін оны бояуға болады. Мәселен, аттың мүсінін алып қарасақ. Дөңгелегін, арбасын істеуге 2 күн уақыт кетеді. 1 күн бояуға кетеді. Сосын тағы 1 күн кебуі керек.»,-дейді  Мереке Айтмағамбетов.

Петропавл тұрғыны  ескі шиналардан түрлі мүсін жасайды

Қазір кейіпкеріміздің үйінің алдында 30-ға жуық мүсін дайын тұр. Оның біраз бөлігі қаладағы ойын алаңдарын безендіру үшін қолданылмақ. Мереке Айтмағамбетовтың қолынан шыққан кейбір мүсіндерді жергілікті балабақшалардың алдынан кездестіруге болады.

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x