Петропавл қаласының тұрғыны Виталий Жуков 350-ге жуық музыкалық аспап жинады. Қазір оның қолында бірнеше елдің музыкалық құралы бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Ерекше коллекционер жайында 24 KZ арнасы арнайы материал жасаған. Петропавлдық азамат аспаптарды жинап қана қоймай, түрлі аспапта шебер ойнайды.  Бұл армян халқының «Дудук» деп аталатын үрмелі аспабы. Виталий Жуковтың коллекциясында одан бөлек қазақ, қытай, орыс, ирландықтар музыкалық құралдары бар. Ішекті, ұрмалы және үрмелі аспаптардың жалпы саны 350-ге жуықтайды.

Петропавл тұрғыны 350 саз аспабын жинаған
Петропавл тұрғыны 350 саз аспабын жинаған

«Басында қызығып біреуін, кейін екіншісін алдым. Кейбіреуін мен жайлы естіген танымайтын адамдар сыйға тартты. Мысалы, бір жігіт әжесінің ескі үйінен табылған төрт көне аспапты әкеліп берді»,-дейді коллекционер.

Коллекционер әнге кішкентай кезінен құмар болып өсті. Алты жасында қолына гитара алған ол қазір бірнеше халықтың ұлттық аспабында ойнайды. Оның қолында Африка, Оңтүстік Америка елдерінің де музыкалық құралдары бар. Өнерпаздың бұл қырын анасы да қолдайды. 

«Ол музыкалық аспаптарға бала кезінен әуес болды. Біз де оны барынша қолдауға тырыстық. Қазір Виталий осы өнерге балалаларды баулып, ән-күй пәнінен сабақ береді. Мен ұлымды мақтан тұтамын,- деді Наталья Жукова.

Виталий Жуков — сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз. Ол музыкадан бөлек сурет салғанды ұнатады. Коллекционер музыкалық аспаптарға қызығушылық танытқан адамдарға шеберлік сағатын өткізіп, шағын концерттер де ұйымдастырады.

Петропавл тұрғыны 350 саз аспабын жинаған
Петропавл тұрғыны 350 саз аспабын жинаған

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі күнде бірнеше жол апаты болып, бір адам көз жұмды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *