Ұлттық өнерді дәріптеп, жастар арасында насихаттау үшін Петропавл мектептерінде «Мәдениет сағатын» енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Ақан сері атындағы облыстық филармониясының көремдік жетекшісі Біржан Есжан көтеріп отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ол оқушылар үшін қосымша тәрбие сағаты ретінде болмақ. Біржан Есжан оны алдымен тәжірибе ретінде облыс орталығындағы мектептерде енгізу керек дейді.

Петропавл мектептерінде «Мәдениет сағатын» енгізу ұсынылды

«Менің ұсынысым, Петропавл мектептерінде тәрбие сағаты сияқты «Мәдениет сағатын» енгізу керек. Онда әр оқушы бір тоқсанда қазақ ұлттық музыкасымен байланысты филармонияның кемінде екі сапалы концерттік бағдарламасын көріп, бойына сіңірсе ұлттық идеологияны дамыту процессі айтарлықтай тез жүрер еді», — дейді ол.

Бұл ойын Біржан Есжан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының алқа отырысында айтты. Себебі, қазір ұлттық өнерге бет бұрған жастар аз екен. Филармонияның өзінде дәстүрлі әншілер бесеу ғана. Басты мәселе – кәсіби мамандарды даярлау жағы ақсап тұрған көрінеді. Облыстағы жалғыз Е. Серкебаев атындағы өнер колледжінде халық аспаптарының көп түрінде сабақ берілмейді екен. Ал сырттан маман тартуға, баспана ұсыну жағы қиындық туғызып отыр. Сондықтан әнші балаларды мектеп жасынан ұлттық музыкаға үйрету керек деген ұсынысын айтты.

«Мәдениет сағатын» енгізуді облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қолдайтындығын жеткізді. Оны жүзеге асыру үшін жоспар құру керектігін, мәселе нақтылауды қажет ететіндігін айтты.

Тағы оқыңыз: Сыйақылар мен жанармай шығындарын есептеу кезінде біраз былықтың беті ашылды: СҚО тексеру комиссиясы Қызылжар ауданында аудит жүргізді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *