СҚО-да биыл 73 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Оның 6300-і білім ұясының табалдырығын алғаш аттайтын болады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде оқушы саны азаюда. Ал, Петропавлда керісінше оқушы ұл-қыздардың саны күрт артып, орын жетіспеушілігі байқалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанда 444 мектеп жұмыс істейді. Оның 330-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Аталған білім ұяларының 40 пайызында оқушы саны белгіленген нормадан аз. Өңірде биыл сегіз мектеп жабылады. Қай оқу орындарында енді қоңырау соғылмайтыны жайлы бұған дейін де жазған едік.

«Аталған мектептердің оқушыларын біліммен қамтамасыз ету үшін күн сайын тасымал ұйымдастырылады. Кейбірін интернаттарға орналастырамыз. Қазіргі таңда білім беру ұйымдары жабу процедурасына қатысты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер бастауыш мектептерде оқушы саны бес немесе одан көп балаға артатын болса, жабу мәселесі қайта қаралады», — деп түсіндірді Qazaqstan Media редакциясына облыстық білім басқармасы.

Ал Петропавлда керісінше орын тапшылығы байқалады. Оған себеп, қазіргі таңда ауыл азаматтарының күн көрістің қамымыен қалаға көшіп келуі. Облыс орталығында бақандай 4,5 мың оқушыға орын жетіспейді. Оны жою үшін шаралар қолданылып жатыр.Мысалы, білім күніне орай облыс орталығында тағы бір «Жайлы мектеп» қолданысқа беріледі деп күтілуде.
1 қыркүйекте облыс мектептеріне 73 мыңнан астам оқушы барады. Олардың 6 379-ы оқу орнының табалдырығын алғаш аттамақ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тоғыз қабатты үйде өрт шығып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *