[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/3da4455b-f802-42a7-98fa-354061301607-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында жаңа технологиялар қолданылуда. Бүгінгі күні өңірде 32 мың бейнекамера жұмыс істейді. Биыл қосымша 650 камера орнатылмақ, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Соңғы жылдары облыс аумағында «Қолжетімді полиция» қағидаты жоғары деңгейде іске асырылып жатыр.  Нәтижесінде осыдан бірнеше жыл бұрын Петропавлда «SOS батырмасы» шұғыл шақыру жүйесі пайда болды. Оның көмегіне жүгінген тұрғындардан келіп түскен дабыл бірден Жедел басқару орталығына түседі. Қазір облыс орталығында осындай жеті дабыл түймешесі жұмыс істейді.

«Жыл басынан түймешенің көмегімен жеті шақырту түсті, соның бірі – Н.Назарбаев көшесінде орналасқан «Северный» супермаркеті маңында зергерлік бұйымдарды тонауға қатысты. Қылмыс ізі суымай ашылды», — дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Бұдан бөлек полицияға смартфонға орнатылған «102» мобильді қосымшасы арқылы да хабарласып, көмек сұрауға болады. Ол арқылы Жедел басқару орталығына аудио, бейнебайланысқа шығуға мүмкіндік бар, сондай-ақ қылмысты немесе құқық бұзушылықты фотоға түсіріп, жіберуге болады. Қосымша іске қосылғалы оны мыңнан астам адам қолданған. Нәтижесінде, заңды бұзған 513 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауда бейнебақылаудың берері мол. Бұл – әлемдік тәжірибе. Былтыр көше камераларының көмегімен 163 қылмыс ашылды, 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қазіргі уақытта СҚО-да  32 мың бейнекамера бар, оның 7 мыңға жуығы Жедел басқару орталығының жүйесіне қосылған. Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында биыл тағы 1244 бейнекамера осы жүйеге қосылмақ. Сондай-ақ, Петропавлда 643 бейнекамераны орнату жоспарланған», — дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Бұдан басқа Жедел басқару орталығына мектеп, балабақша, колледждер мен университеттің бейнекамераларын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 218 нысанның 3,5 мыңнан астам бейнекамерасы қосылды.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x