[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»13887,13888″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Петропавл электротехникалық зауытында да Амал мерекесі тойланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Көрісу күніне СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин қатысты. Ол қызметкерлерді Наурыз мейрамының бастауымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Біздің ата-бабамыз ықылым заманнан бері бұл мерекені тойлап келеді. Дәстүр бойынша бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, көктемнің келуімен құттықтайды. Баршаңызға бақытты өмір тілеймін. Жақындарыңыз аман болсын»,-деді Дархан Әмрин.
Нұрлыбек Алдияровтың электротехникалық зауытта еңбек етіп жүргеніне 1 жыл болыпты. Азамат біздің өлкеге отбасымен Кентау қаласынан көшіп келген. Бүгін бұл әулет үшін қос қуаныш. Көрісу күнінде кіші ұлдарының тұсауы кесілді. Бұл рәсімді Дархан Әмрин жүргізді.
«7 қыздан кейін көрген ұлымыздың тұсаукесер рәсімі Көрісу күнімен тұспа-тұс келді. Өте қуаныштымыз. Көктемге шыққанымыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Той тойға ұласа берсін»,-дейді Нұрлыбек Алдияровтың жары Батпа Қалдыбекова.
Тұсаукесер рәсімінен кейін жиналғандарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]