Петропавлды жылу және жарықпен қамтамасыз етіп отырған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ журналистер үшін баспасөз турын өткізді. БАҚ өкілдері қала үшін маңызы зор нысандарды аралады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биыл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестицияларының жалпы көлемі төрт млрд теңгеден асып жығылады. Қомақты қаражат үш негізгі бағытқа жұмсалды. Олар: қазандықтар, жылу қуатын беру сызбасын жөндеуге және бойлерлер.

«Барлық іс бір қарқында жүріп жатыр. Петропавлда жылыту маусымы қыркүйектің 24-і басталады. Сол уақытқа дейін жұмыстардың бәрін аяқтаймыз», — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.
Қоғамның қызу талқысына түскен мәселеге нүкте қойылды. Петропавл екінші жылу электр орталығында тұрғызылған жаңа мұржа қыркүйектің 30-ы іске қосылады. Алыстан көзге түсер нысан қасындағы екеуінен биік. Оның биіктігі 180 метрді құрайды.
Бұл нысан екінші ЖЭО-ның орталығының қалыпты жұмыс істеуіне зор септігін тигізетіні сөзсіз.
Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандар қазақ күресінен чемпионды анықтады