Петропавл

Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында гинеколог-дәрігерлерге шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Оны Астана қаласынан келген жоғары санатты, гинеколог-эндоскопшылар қауымдастығының мүшесі Ғалымжан Тоқтарбеков өткізуде. Білікті маман облыс аудандарынан келген 18 гинеколог дәрігермен тәжірбие алмасып, гистероскопия әдісімен ота жасауды үйретті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Гистероскоп — микроскопиялық камерамен жабдықталған аспап. Бұл аспап миоматоздық түйінді жою, жатыр қуысы полиптерін алып тастау сияқты жатыр ішілік түрлі патологияларға шұғыл ем жүргізуге мүмкіндік береді. Дәрігерлердің сөзінше, бұрын миома ауруын емдеу үшін, әйелдердің жатырын толықтай алып тастаған  екен. Енді бұл жаңартылған технологияның көмегімен жатырды сақтап қалуға болады.

«Гистероскопияның ішіне тағы неше түрлі инструмент кіреді. Мысалы, гистерорезектоскоп деген инструмент бар. Оның ішінде кішкентай электр ілмек бар. Соның көмегімен жатырдағы миоманы кесіп, алып тастаймыз. Бұрын ол оталарды ішті кесіп жасайтын. Қазіргі уақытта біз ешқандай жара жасамаймыз, тек қынап арқылы жасаймыз», — деді «UNIVERSITY MEDICAL CENTER»КҚ гинекология бөлімінің дәрігері Ғалымжан Тоқтарбеков.

Бұл отадан кейін науқастың жазылуыда тез болады. Гистероскопияның түрлі патологияларды анықтау кезінде диагностикалық мүмкіндігі көбірек. Және бұл отадан кейін науқас әйел жүкті болып, баланы дүниеге әкеле алады.

«Біз осы жылдың басында олимпус компаниясынан жаңа стойка алдық. Онда лапроскопия және гистероскопия операцияларын жасауға болады. Бұрын біз бұл операцияларды жасайтынбыз, бірақ Ғалымжан Кабдулманапович жаңартылған әдістермен, жаңалықтармен таныстырып өтті”, — дейді көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі Сымбат Алипбаева.

Жалпы, көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының гинекология бөлімінде 9 дәрігер жұмыс істейді. Былтыр ауруханадағы ескі аппаратпен 1170 осындай ота жасалған. Ал Астаналық жоғары санатты дәрігердің өзі Петропавлда 30 шақты науқасқа жаңартылған технологиямен ота жасамақ. Қазірдің өзінде, 18 операция сәтті өтті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда шахматтан челлендж өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x