Петропавл аулаларын шөп басып жатыр 

Биыл Петропавл қаласында шөп қаулап өсіп жатыр. Арам шөптің бұлай көп болуына жаңбыр мен жылы ауа райы әсер етуде. Көше бойларындағы өсімдіктер шабылып жатса, аулаларда шөптің биіктігі белден асады, деп жазады  Qazaqstan Media.

Назарбаев көшесіндегі №177 үйдің ауласында шөпті биыл үш рет шапқан. Мүлік илері бірлестігі төрағасының айтуынша,  бұл қызметтің құны әр түрлі. 

«Біздің ауладағы шөпті көрші үйдің тұрғыны шауып жүр. Бірнеше жыл болды.  Әр подъезд үшін екі мың теңгеден алады.  Бірақ, егер ағаш бұтақтарын шабу немесе талдарды шабу керек болса, бағасы қымбаттайды Биыл шынымен де шөп көп. Осыған дейін үш рет шапқыздық, тағы өсіп кетті», — деп отыр «СКО Мира,177» МИБ төрағасы Лидия Свешникова.

Ал, Алматы көшесіндегі №28 үйдің ауласындағы шөп адам бойымен бірдей. Қазіргі көп аулалардағы жағдай осындай. Биік шөптен ойын алаңы да, жол да көрінбейді.

Жалпы биыл қалада арам шөп көп, әрі биік болып өсуде.  Орталық көшелердегі өсімдіктер жиі шабылып жүрсе, шеткі аудандар назардан тыс қалып жатыр.

«Шөп өте көп. Жүргізушілерге бұрылыстарда қиын».

«Біздің аулада шөп адам бойымен бірдей өсіп кеткен. Балаларға ойнайтын жер жоқ».

«Назарбаев көшесіндегі шөпті күнде шауып жүреді. Басқа көшелерді көрмейтін секілді. Қаланың таза болғаны оңды ғой»- деп тұрғындар  әлеуметтік желіде жарыса жазуда.

 «Облыс орталығындағы  шөп шабу жұмыстарына  «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС жауапты. Олар биыл 760 мың шаршы метр жердегі арам шөпті шапты»,-деп хабарлады қалалық әкімдікте.

 «Сонымен қатар, өртке қарсы жұмыстар жүргізілуде. Береке, Жұмысшы кенті мен өндірістік аймақта қамысты ору жұмыстары атқарылып жатыр.  Бұл шаралар сәуір айында басталған болатын. Қазір 6 мың шаршы метр жердің қамысы орылды»,- деп нақтылады Петропавл қалалық ТҮКШ баспасөз хатшысы Нина Усенко.

Жергілікті билік өкілдері шөп шабу жұмыстарына жауапты екендіктерін біледі. Алайда, тұрғындар өз аулаларында тазалық орнатса екен дейді.  

Айта кету керек, қаламыздағы кейбір бизнес нысандары да өз аумақтарын ретке келтірмейді.  Егер абаттандыру жұмыстары жүргізілмесе айыппұл төленуі мүмкін. Оның көлемі 20 АЕК-тен бастап 100 АЕК жетуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалдап келген жүргізуші анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x