2026 жылғы 1–30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізді. Акция белгіленген кезеңде жол жүру құжаттарын ресімдеу талаптары сақталған жағдайда қолданылады, деп жазады Qazaqstan Media.
Жеңілдік аясында жолаушыларға келесі бағыттардағы пойыздардың жоғарғы орындарына 25% арзандату ұсынылады:
№105/106 «Петропавл – Алматы»
№77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Аталған ұсыныс дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға ғана жарамды.
Сондай-ақ, №65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша «турист» (2Д, купе) санатындағы вагондарға да 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта билеттерді пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45–15 күн бұрын алдын ала сатып алу қажет. Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындарға бірдей қолданылады.
Билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі арқылы беріледі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да анасы сот арқылы баласының құқығын қорғап шықты

