Петропавлда көше бойында сауда жүргізу дауы тағы да көтерілді. Петропавл қаласы әкімінің қабылдауында шаһар тұрғыны Афлатун Тагиев «Страна товаров» дүкені маңындағы сауда шатырын бөлшектеп, орнату мәселесін көтерді. Алайда қала әкімі Серік Мұхамедиев көше саудасына жол берілмейтіндігін айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Афлатун Тагиев «Страна товаров» дүкені маңында 15  жылдай саудасын қыздырып келген. Бірақ, былтыр оның сауда нүктесін заңсыз қойылған деп тапқан.

«Жуырда сол маңда үш бутик орнатылды. Мен де ол жерге бутик қойғым келеді. Отбасым бар, мүгедек балам бар»,- деді қала тұрғыны.

Саудагер барлығын заңды түрде ұйымдастырып, жерді жалға алып, салықты төлеймін, деп отыр. Ал, «Страна товаров» дүкенінде бос сауда нүктесі жоқ екен.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мухамедиев болса, Астана көшесі бойында сауда ұйымдастырылмайтынын айтты. Билік өкілдері оған рұқсат бермеген, және бермейді де, деп кесіп айтты. Сонымен қатар, жауапты мамандарға жуырда орнатылған дүңгіршіктердің заңдылығын тексеруді тапсырды.

«Сауда нүктесін орнатпас бұрын, рұқсат қағаз алу керек. Тұрғындарға осыны түсіндіріп айту қажет. Қалауы бойынша кез-келген жерге сауда шатырын қоя алмайды. Рұқсатсыз сауда жасауға болмайды»,- деді қала әкімі.

Естеріңізде болса, 2025 жылдың қарашасында «Страна товаров» дүкені маңындағы сауда шатырларына демонтаж жасалған болатын. Ол кезде саудагерлерге ерікті түрде сауда нүктелерін алып тастауды ескертіп, қағаз таратылған болатын. Енді, қала басшылығы айтқанға көнбеген азаматтарға айыппұл салуды тапсырды. Заңсыз сауда болмауы керек, деді ол.

Тағы оқыңыз: Анатолий Плешаков: «Тарихы тереңде жатқан өңірімізді зерттеуді тоқтатпаймын»


Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *