Петропавл әкімінің орынбасары болып спортшы тағайындалды

Петропавл қалалық әкімдігінде кадрлық тағайындау. Енді қаладағы жедел мәселелер және құрылыс саласына облыстың бұрынғы бас спортшысы Сергей Мелехов жауап беретін болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Сергей Мелеховты Петропавл қаласы әкімінің орынбасары етіп тағайындау туралы өкімді шаһар басшысы Серік Мұхамедиев шығарған.

Сергей Мелехов 1987 жылы 15 қазанда Солтүстiк Қазақстан облысы Смирново ауылында туған. 2009 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. 2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн «электроэнергетика» мамандығы бойынша бiтiрдi.

Ол конькимен жүгiруден ҚР спорт шеберi, жоғары санатты жаттықтырушы.

Еңбек жолын 2007 жылы Штаттық ұлттық командалар және спорт резерв дирекциясында нұсқаушы-спортшы болып бастады. Кейін Астана қаласындағы №2 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнде және Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясының конькимен жүгiру спорты бойынша жаттықтырушысы болып жұмыс iстедi.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейiн «Олимп» облыстық мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi  басшысының орынбасары қызметiн атқарды.Сондай-ақ, «Жеңiс» олимпиадалық резервтiң МБЖСМ басқарды.

Ал соңғы төрт жылда СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік етті.

Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол әр жылдары СҚО әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде, «Астанаэнергосервис» АҚ техникалық бақылау және жобаларды басқару инженері қызметінде жұмыс істеген.

2024 жылы су тасқыны кезеінде Хромзавод шағын ауданының жедел штабын басқарды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *