Петропавл әкімдігі 34 млн теңгеге дәрілік ұнтақ сатып алмақ болған

Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруалығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары 34 млн теңгеге дәрілік ұнтақ сатып алмақшы болған. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО департаментінің мамандары брифингте айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары мемлекеттік сатып алу жүйесін тексеріп, бірнеше жөнсіз сатып алулардың жол кескен. Бұл мемлекет қаржысын үнемді және тиімді пайдалануға жол ашады. Биылғы тоғыз айдың ішінде «Сатып аулдың бірыңғай терезесі» порталына мониторинг жүргізіліп, бір млрд теңгеден астам сома үнемделген.

«Мемлекеттік сатып алулар бойынша мысалдар келтіретін болсам, Петропавл қалалық ТҮКШ,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қымбат дәрілік ұнтақтың 80 тоннасын 34 млн теңгеге сатып алмақ болған. Ал Жамбыл ауданында білім ордаларына жаңа қазандықтар алынбақшы болған. Бұл жақсы ғой, алайда оның бағасын мұндағылар  тым өсіріп көрсеткен. Сөйтіп, бұл сатып алу күшін жойып, 103 млн теңге үнемделді. Бұл жұмыстар қазына ақшасын мақсатты пайдалануға бағытталған. Әр теңгені есептеу керек», — деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз жұмыс істеген екі Өзбекстан азаматы ұсталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x