Петропавлдағы теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы баяу жүруде. Атқарылған істі тексерген облыс әкімі мердігірдің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлдағы Универсальная көшесінде теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Мұндағы маңызды іс 2023 жылы басталды. Жоспар бойынша нысан жылдың соңында тапсырылуы тиіс. Учаскедегі жүріп жатқан жұмыспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Учаскедегі атқарылған іс өңір жетекшісінің көңілінен шықпады.

«Өткен жолы келген кезде де осы жұмыстар атқарылып жатқан. «Баяғы жартас — сол жартас». Бұл орталық пен Жұмысшы кентін байланыстыратын маңызды нысан ғой. Неге немқұрайлы қарайсыздар? Құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілмесе, көпір жыл соңына дейін тапсырылмаса жауапкершілікке тартыласыздар», деді облыс әкімі.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталған. Айта кету керек, жоба құны 5,4 млрд теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *