Петропавл қаласының дизайн-кодын әзірлеуге байқау жарияланды

Мемлекеттік сатып алу сайтында Петропавл қаласының дизайн-кодын әзірлеуге арналған лот пайда болды. Порталда орналастырылған ақпаратқа сәйкес, ҚҚС есептемегенде жоба құны 38 млн 600 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жобаның тапсырыс берушісі Петропавл әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі екені белгілі. Жұмыстың болжамды мерзімі-шарт жасалған күннен бастап 18 ай. Ал конкурста белгіленген талаптар бойынша кепілдік бір жыл жарамды болуы тиіс.
Қажетті сипаттамаларда қаланың дизайн коды көше-жол кеңістігіне таралатыны көрсетілген. Ол абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық құрылымдарды жобалау және орналастыру ережелерін қамтиды. Сондай-ақ стационарлық емес объектілер, көгалдандыру, жарықтандыру, шағын сәулет нысандары, көше жиһаздары, қоршаулар бар. Сонымен қатар, ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіруге қойылатын талаптар қарастырылған.

Тағы оқыңыз: 1 млн теңге алып, 30 млн қайтарады: СҚО ҚАЖД бастығы сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x