Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевпен тұрғындарды қабылдайды. Азаматтар әкімге сұрақтарын тікелей де, онлайн да қоя алады. Ол үшін бірнеше байланыс тәсілі әзірленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
17 желтоқсанда Петропавлда «Ашық есік күні» шарасы өтеді. Қала әкімі Серік Мұхамедиев және мемлекеттік органдардың басшылары тұрғындармен кездеседі. Қабылдау сағат 10:00-де Сабит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада басталады. Мекенжайы: Қазақстан Конституциясы көшесі, 25.
Келесі кездесу 19 желтоқсанға жоспарланған. Ол да сағат 10:00-де аталған мекеде өтеді. Петропавл әкімі халық алдында есеп береді. Тұрғындар бетпе-бет, сондай-ақ Instagram арқылы тікелей эфирді тамашалай алады.
«Онлайн эфир уақыты – 10:00-ден 12:30-ға дейін, қосымша байланыс арналары жұмыс істейді. Сұрақтарды «Ikomek» анықтама қызметіне 109 нөмірі арқылы, WhatsApp: +7 778 566 14 04, сондай-ақ «Есептік кездесулер 2025» Telegram-ботына жіберуге болады», — деп хабарлады қала әкімдігі.
Telegram-бот 17–19 желтоқсан аралығында хабарламаларды қабылдайды. Тұрғындар өздерінің тегі, аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы және байланыс нөмірін көрсетуі керек. Бұл ұсыныстар мен өтініштерді қарастыру үшін қажет.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық депутаттар қоқыстан келетін зиянды азайту үшін «Жол картасы» әзірлеуді ұсынды

