Петропавл қаласының әкімі көмек сұраған тұрғынға жаңа жылдық сыйлық жасайтын болды
Тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылы аялдамаларды жабдықтау, көше саудасын ұйымдастыру, үйлерді жарықтандыру. Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің азаматтарды жеке қабылдауына 15-тен астам адам келді.Шаһар басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді, деп жазады Qazaqstan Media.
Әкімнің қабылдауына Петропавл тұрғындары тек қоғамдық маңызы бар мәселелермен ғана емес, жеке проблемаларымен де келеді. 58 жастағы Зайра Қазиева қала басшысына алғаш рет емес, бірнеше рет жүгініп отыр. Ол – екінші топтағы мүгедек, өз баспанасы жоқ. Биыл әкімдік оған жатақханадан бір бөлме берген. Алайда шағын тұрғынжайда жөндеу жұмыстары мен тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек заттар керек. Осы өтінішпен Зайра Казиева Серік Мұхамедиевтің қабылдауына келді.
Петропавл қаласының әкімі көмек сұраған тұрғынға жаңа жылдық сыйлық жасайтын болды
«Бөлменің төбесін жөндеп, линолеум төсеп, дезинфекция жасау қажет. Тағы да маған кішкентай тоңазытқыш болса», – дейді әйел.
Ол тұрғын үй кезегіне 2021 жылы тұрған. Қазіргі таңда «Отбасы банк» оған пәтер бөліп бере алмай отыр. Алайда уақытша баспананы әкімдік ұсынған.
«Пәтер алғанға дейін жатақханада тұра беріңіз. Егер жөндеу керек болса, ТҮКШ бөлімі жасап береді», – деп уәде берді Серік Мұхамедиев.
Жөндеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Себебі биылғы бюджет толық игерілген. Ал жалғызбасты қала тұрғынына тоңазытқыш жақын күндері беріліп, жаңа жылдық сыйлық болады.