Петропавл қаласының әкімі ашық есік күнінде тұрғындарды қабылдап жатыр

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев ашық есік күнін ұйымдастырды. Ол тұрғындарды С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қабылдап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Шаһар басшысына өтініштерін айтуға тұрғындардың көпшілігі жеке бас мәселесімен келген. Әсіресе, баспанаға қатысты кезекті білуге, пәтер алудың ретін сұрай келгендер баршылық.

Копай ауданының тұрғыны Наталья Першина да қала әкіміне үйінің жағдайын айта келген. Оның жер үйін көктемде қар суы, күз бен жазда жауын суы басады екен.  «Жеңіс» БЖСМ  маңындағы жолды жөндегесін және сол маңға сауда үйі салынғасын тұрғынның баспанасы тіпті төменде қалыпты. Жыл сайын жағдай қиындағасын әкімге келдім, дейді Наталья Першина.

«Үйдің іші ылғал тартып жатыр.  Батпақтың иісі келеді. Бізге келетін жолдың барлығы ойдым-ойдым. Қысқа отын әкелу керек. Біздің жолдармен көлік жүре алмайды»,-дейді қала тұрғыны.

Осыған дейін маусым айында ол қала әкімінің қабылдауында болған. Ол кезде жергілікті билік өкілдері Натальяға мәселесін шешеміз деп уәде біріліпті. Алайда, жағдай әлі өзгермеген.

«Бүгін менің орынбасарым мен ТҮКШ бөлімінің мамандары барып, жағдаймен толық танысады. Суды басқа жаққа бұруға бола ма, жоқ па соны қарастырып көреміз»,-деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда автокөлік пен скутер соғылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *