Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары тағайындалды. Енді бұл қызметті қостанайлық Марлен Сандыбеков атқарады, деп жазады Qazaqstan Media.

Марлен Сандыбеков Қостанай облысы, Арқалық қаласының тумасы. Жасы — 41-де. Екі жоғары білімі бар. Ол А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және К. Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарынан бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Осы тағайындауға дейін Марлен Бағытбекұлы Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары болған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаяу жүргіншілер жолағында екі зейнеткерді көлік қағып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *