Петропавл қаласы әкімінің орынбасары жұмысынан кетті

Петропавл қаласы әкімінің Құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Біржан Көшербаев жұмыстан шықты. Ол қызметтен кету туралы өзі өтініш жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бос жұмыс орны туралы хабарландыру қала әкімінің ресми парақшасында орналастырылған.

«Өз еркімен жұмыстан шықты. Ол біздің өңірде қалады, басшылық қызметте жұмыс істейтін болады», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Естеріңізге сала кетейік, Біржан Көшербаев 2023 жылдың 20 қазанында шаһар басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. Жұмыстан шығу туралы өтінішті ол өз еркімен жазған.

Ол 1994 жылы 7 қаңтарда Аққайың ауданы Рублевка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің заңгер көмекшісі болып бастаған.

Тағы оқыңыз: СҚО алдағы жылыту маусымына дайын ба?

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x