Жыл басынан облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 345 мемлекеттік қызмет көрсеткен. 120-дан өтінішті қабылдамай, кері қайтарған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Департаментке жүгінгендердің көбі -серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер. Биыл 154 бизнеске санитариялық-эпидемологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды берілді. Азық-түлік өндіруші нысандарға екі есептік нөмір табысталды. 120 жанның өтініші кері қайтарылған екен.

«Департамент өтініш тастаған кәсіптердің барлығына тексеріс жүргізді. Соның ішінде құжаттары толық емес және талапқа сай емес нысандар бар. Біз иелеріне ескерту жасадық. Жақын арада олқылықтарды түзеуін сұрадық. Талап орындалмаса кәсіптерді жабуға тура келеді»-, деді СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлова

Департамент мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту мақсатында өз ішінде екі рет ішкі мониторингтік бақылау өткізген. Бұл қызметкерлердің халыққа сапалы көмек көрсетуіне зор септігін тигізеді. Ағымдағы жылы бірде-бір тұрғын департаменттің жұмысына сын айтпапты.

«Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бір ішкі бақылау шарасын өткіздік. Он үш бұзушылық фактісін анықтадық. Мамандар тұрғындарға уақытылы көмек көрсетпеген. Басқарма өкілдері келіп түскен өтініштердің көп болуы себеп болды деп ақталды. Жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды»-, деді Татьяна Леонидовна


Департамент пен аудандық мекмелер бес тегін қызмет түрін көрсетеді. Барлығы — электрондық форматта. Биыл жаңа көмек түрі іске қосылды. Ол: денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсету үшін лицензия беру. Қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: Елімізде тамыз ҰБТ-сы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *