Кадрлық ауыс-түйіс! Петропавл қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы болып Жасұлан Байқанов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жасұлан Серікұлы 1986 жылдың 25 мамырында бұрынғы Советское ауданы, қазіргі Аққайың ауданы Қиялы ауылында туған. 2008 жылы Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-ды тәмамдаған. Еңбек өтілін дәл сол жылы Қиялы ауылдық округінде қарапайым маман болып бастаған.

2009-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық Салық департаментінде еңбек еткен. Кейінгі екі жыл Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы болды. 2016-2018 жылдары Қаржы министрлігінде қызмет етті.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мен Петропавл қалалық әкімдігінде басшылық қызмет атқарды. Осы тағайындауға дейін қалалық әкімдіктің экономика және қаржы бөлімінің тізгінінде болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда су тасқынынан кейін 74 жаңа демалыс орны салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *