Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны Петропавлға жарты келіден астам есірткі әкеле жатқан жерінде ұсталды. Есірткі тасымалдау арнасын СҚО полицейлері мен облыстық прокуратура бірлесе әшкерелеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО полицейлері Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Daewoo Nexia» автокөлігін сәуір айында «Оңтүстік» бекетінде тоқтатқан. Көліктің салонын тексеру кезінде орындық астынан үш түйіншек салынған барсетка табылды. Оның ішінен 490 грамнан астам синтетикалық «α-PvP» есірткісі және 100 грамнан астам каннабис шайыры табылды.
«Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Бар мәліметтерге сүйенсек, күдікті есірткі сататын интернет-дүкендердің біріне жұмыс істеген. Полицейлер жастарды «жеңіл табыс» көзіне алданбауға шақырады», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жеңіл көлік бұғыны соғып кетті