Петропавл жылдан-жылға көркейіп, әдемілене түсуде. Бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыс атқарылған. Маңызды ақпармен қала әкімі Серік Мұхамедиев бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 900-ге жуық тазалық шарасы өткен. Соңғы үш айда шаһардан 370 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Маңызды іске 20-дан астам техника жұмылдырылған.

«Жыл басынан бізге тұрғындардан қоқыс шығару, жол жөндеу, қаланы абаттандыру, жарықтандыру бойынша 226 өтініш келіп түсті. Барлық мәселені жүйелі түрде шештік. Әр жанның өтінішін орындау — басты міндет», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Петропавлдағы қоқыс полигоны толудың аз-ақ алдында тұр. Ендігі шара қолданылмаса мәселе күрделе түсетін сыңайлы. Серік Мұхамедиевтің сөзінше, алдағы уақытта бұл түйткіл өз шешімін табады.

«Алдағы уақытта Петропавл төңірегінде қоқыс полигондарын салуды жоспарлап отырмыз. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары келесі жылы бастау алады. Әзірге қазірге полигонның аумағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді Серік Мұхамедиев.

Жыл басынан шаһарға 6 мыңнан астам көшет пен 400-ге жуық гүл отырғызылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көптен күткен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері салынуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *