Жылдан жылға облыс орталығына келуші туристердің саны артуда. Меймандардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Петропавлда «Самовар» қонақ үйі ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыс орталығы жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді. Жыл сайын алыстан көз тартатын нысандар салынуда. Бұл Петропавлға келетін туристердің санын арттыратыны сөзсіз. Меймандардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қызылжардың қақ ортасында «Самовар» қонақ үйі ашылды. Жайлы орын екі жылдың ішінде бой көтерді.

Петропавда жаңа заманауи қонақ үй ашылды
Петропавда жаңа заманауи қонақ үй ашылды

«Қонақ үйде 58 адамға шақталған 34 бөлме бар. Ғимараттың жалпы аумағы — 1200 шаршы метр. Мұнда тұрғындарға бар жағдай жасалған. Бөлме құнына таңғы ас кіреді. Нысанның дизайны да ерекше. Ішіндегі интерьер тапсырыс бойынша жасалған. Яғни, жиһаздар, аспалы шамдар мен түрлі дүниелер Петропавлда тек осы ғимаратта бар», — деді қонақ үйдің басқарушысы Виктория Польавец.

Жайлы орындағы бөлмелердің дизайны да ерекше. Перделер күннен қорғайтын матадан тігілген. Ал төсек-орын бес жұлдызды қонақ үйдің стандартына сай.

Нысанды тұрғызуға жергілікті әкімдік пен «Даму» қоры жәрдемдесті. Инвестициялық жоба құны — бір млрд теңге. Жайлы орындағы бөлмелердің бағасы 70 мыңнан басталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-жыл басынан тұтынушының құқығын бұзу туралы 350-ге жуық арыз түскен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *